Спорт • 18 Маусым, 2020

Суперкубоктың иегері Будапеште анықталады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылы футболдан УЕФА Суперкубогы жолындағы жарыстың финалы 24 қыркүйекте Мажарстанның астанасы – Будапештегі Ференц Пушкаш атындағы стадионда өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.Egemen.kz

Суперкубоктың иегері Будапеште анықталады

УЕФА Суперкубогы – қарт құрлықтағы ең белді жарыстардың бірі әрі бірегейі. Оның иегері Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына жеңімпаз атанған командалар арасындағы бәсеке барысында анықталады. Айтулы тәж үшін тартыс 1972 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді.

Суперкубокты ең көп олжалаған клубтар – Испанияның "Барселонасы" мен Италияның "Миланы". Олар бес реттен теңдессіз деп танылды. Мадридтің "Реалы" мен Англияның "Ливерпульі" төрт реттен топ жарса, Нидерландтың "Аяксы" мен Мадридтің "Атлетикосы" үш мәрте дара шықты. Бельгияның "Андерлехт", Испанияның "Валенсия" және Италияның "Ювентусы" екі рет дара шықты. Сондай-ақ тағы 15 команда бір-бір реттен осы атаққа қол жеткізді.    

Мемлекеттер жайында әңігіме қозғайтын болсақ, бұл ретте Испанияның өзгелерден оқ бойы озық. Бұл елдің клубтары 15 мәрте бас жүлдені олжалады. Екінші және үшінші орындарда – Италия мен Англия. Апеннин түбегінің командалары 9 және Тұманды Альбион елінің өкілдері 8 рет жеңімпаз атанды.