Бременнің "Вердеріне" қарсы кездесудің бір эпизодында ол сағатына 36,51 шақырымдық жылдамдықпен жүйткіді. Осылайша, Дэвистің есімі ең жылдам ойыншы ретінде Бундеслига тарихына жазылды. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш Дортмундтың "Боруссия" клубының қорғаушысы Ашараф Хакимиге тиес тиесілі еді. Былтырғы жылдың желтоқсан айында өткен ойындардың бірінде марокколық футболшы 36,2 шақырымдық жылдамдықпен жүгірген еді.
Жаңа рекордшыны жақынырақ таныстыратын болсақ, 19 жастағы Альфонсо Дэвис Гананың тумасы. Бес жасында ол ата-анасымен бірге Канадаға қоныс аударды. Сол жақта жүріп, футболдың қыр-сырына қанықты. Біраз уақыт жергілікті командалардың сапында өнер көрсеткен Дэвис 2018 жылы "Баварияның" жейдесін киді.