Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Алматыда індеттің белең алуына байланысты карантин режимі қайта күшейтіледі

1329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда індеттің белең алуына байланысты карантин режимі қайта күшейтіледі

"Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданды.

Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады.

Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады", - деп жазды Алматының әкімі.