Білім • 18 Маусым, 2020

Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бірінші  күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл тестілеудегі ең аз ағындардың бірі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді.

21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады: дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады.

Санитарлық талаптар қатаң сақталады, сондықтан аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл тестіленушілер үшін бұрын-соңды болмаған жағдай жасалды. Мәселен, алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат етіліп, талапкерлер үшін тегін байқау сынақтары қолжетімді болды. Сонымен қатар тестілеуді өткізу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылып, түлектер мемлекеттік емтиханнан босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05

Мал өсірудің машақаты

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Еңбегі ерен азамат

Тұлға • Бүгін, 08:50

Аса маңызды саяси үдеріс

Пікір • Бүгін, 08:48