Үкімет • 19 Маусым, 2020

Шектеу шаралары күшейеді

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоара­лық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Отырыста Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Шектеу шаралары күшейеді

Еліміздегі санитарлық-эпиде­миялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л.Ақтаева, өңірлердегі жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев, Түркістан облы­сының әкімі Ө.Шөкеев баяндады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, ВАК биылғы 20-21 маусым, демалыс күндері мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараған­ды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:
  • сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базар­лардың қызметі тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік ара қашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
  • қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
  • қоғамдық демалыс орындары: саябақтар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
  • фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
  1. Тұрғындарының саны 50 мың­нан асатын елді мекендер бойынша:
  • қоғамдық орындардың: саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
  1. Өңірлердің бас санитарлық дәрі­герлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан турис­тік аймақтарға кіруге тыйым салу, ал атал­ған аймақтардағы адамдарға – әлеу­меттік қашықтықты сақтау қажет.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдік­теріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

  • медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы ха­лықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;
  • ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
  • меншік нысанына қарамастан, өңір­де бар ресурстарды тарта отырып, нау­қас­тар­ды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
  • жедел медициналық жәрдем стан­­саларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  • үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек дең­гейінде сапалы динамикалық бақы­лау жасау (қашықтан, мобильді брига­далардың көмегімен);
  • халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Соңғы жаңалықтар