Айтулы ұйым мүшелерінің шешіміне сай Олимпия ойындарының лицензиялары әлем кубогы барысында сарапқа салынады. Бұл дода келесі жылдың 20-23 мамыр аралығында Ресейдің Барнаул қаласында ұйымдастырылады. Жарыс жолына мыңға жуық спортшылар қатысады деп күтілуде. Солардың арасынан озып шыққандар Токиода бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында ескек есушілер сайысында Германия құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Немістер 4 алтын, 2 күміс және 1 қоланы қоржынға салды. 3 алтын және 1 қоласы бар Испанияның өкілдері екінші орынға табан тіресе, Бразилия көгінде өз елдерінің әнұранын үш мәрте шырқатқан Мажарстанның ескекшілері үшінші орынды иеленді.