Алматы облысының полициясы өңірдегі жол қауіпсіздігі бойынша статистикалық мәліметтермен бөлісті, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Жылдың басынан бері Алматы облысының аумағында 659 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 106 адам қаза тапқан және 937 адам жараланған. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 30 пайызға төмендеген.
"Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының қызметіндегі өзекті және басым бағыттардың бірі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел – алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу жолдардағы жағдайды тұрақтандыруға, жол қозғалысы ережелерін бұзуды азайтуға, ал кейбір жағдайларда оларды барынша болдырмауға мүмкіндік береді", дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Ашимов.
Сонымен қатар облыс бойынша жаяу жүргіншілерге қатысты 241 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 45 адам қаза тауып, 209 адам жарақаттанған. Патрульдік полиция 85 367 жол қозғалысы ережесіне қатысты құқық бұзушылықты анықтаған.
"Талдауға сай, ЖКО-ның негізгі себептері көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Белгіленген жылдамдықты арттыру нәтижесінде 177 ЖКО орын алып, 30 адам қаза тапқан және 308 адам жарақаттанған. 44 ЖКО қарсы бағытқа шығу нәтижесінде орын алған, онда 19 адам қаза тауып, 76 адам жарақат алған", деп толықтырды Ашимов.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар