Жалпы, кез келген дерттің адам денсаулығына тигізетін зардабы ауыр. Ал қазір күшейіп тұрған COVID-19 вирусының сау адамның өзіне жұғу қаупі жоғары екендігін ескерсек, денсаулығында кінәраты бар науқастар үшін екі есе ауыр сынақ болып тұрғаны түсінікті. Демек, коронавирус зардабы онкологиялық дертке шалдыққандар үшін де қаншалықты қауіпті екенін бағамдауға болар.

Мегаполисте орналасқан аймақтық онкология диспансері Алматы облысының оңтүстік аумағында орналасқан аудан тұрғындарының денсаулығына жауапты. Қазір диспансерде жұқпалы індеттің алдын алу мен сақтану шарасы өте жоғары деңгейде жүргізілуде. Аурухана аумағында карантин жарияланған, емделуші науқастардың денсаулығын қадағалау ерекше тәртіп бойынша жүзеге асып жатыр.
– Қатерлі ісік дертімен ауыратын науқастар үшін бір қиын кезең өтіп жатыр. Онсыз да жаны қиналып жүрген адамдарға коронавирус инфекциясы екі есе қауіпті болып тұр. Өйткені жұқпалы аурудың барлық түрі ең алдымен иммунитеті төмен адамға үйірсек келеді, ал денсаулығында кінәраты бар науқастың ағзасы коронавируспен күресуге тіптен қабілетсіз. Сондықтан біз үшін де, пациенттер үшін де онкологиялық ем алып, дәрі қабылдау барысында сақтық шарасын арттыру ең басты міндет болып тұр, – дейді Алматы қаласындағы аймақтық онкология диспансері директорының орынбасары Рәш Шалбаева.
Бұған дейін Алматы қаласының толықтай карантинге жабылуына орай жақын маңдағы аудандарда тұратын науқастардың диспансерге келуі қиындаған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен бұл мәселе жолға қойылыпты. Яғни диспансерлік ем-дом алуға мәжбүр пациенттерді аудандық ауруханалардың арнайы көлігі тасымалдап, қалаға жеткізеді. Сондай-ақ дәрігер кеңесі мен басқа да көмекті қажет ететін онкологиялық науқастардың облыстағы кез келген ауруханаға алдын ала тіркелмей, кезексіз қабылдануына жағдай жасалған.
– Облыс дәрігерлерінің кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқаруы аумақта жұқпалы індеттің өршуіне тосқауыл болып тұр десек, жаңылмаспын. Адам денсаулығы үшін күресте біздің онкологиялық диспансердің мамандары да аянбай еңбек етуде. Елімізде жұқпалы індет қауіпі басталғалы бері біздің жұмысымыз да төтенше жағдайда жалғасуда. Мысалы, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің дені қала маңындағы аудандардан келіп жұмыс істейтін еді. Алматы қаласындағы жағдайға байланысты 3 айға жуық жатақханада жатты. Яғни төтенше жағдай кезінде қаншама қызметкер отбасынан алыстап қалды, олар да бір үйдің отағасы, отанасы, келіні дегендей, жеке өмірге құқылы еді. Бірақ әріптестерім өз қызметі мен науқастар алдындағы жауапкершілікке сай уақытпен санаспай жұмыс істеуді, төтенше жағдай кезінде туындаған қиыншылыққа мойымай еңбек етуді таңдады. Дәрігерлердің бұл ерлігі бағалануы тиіс. Әрине біздің мамандарымыз жұқпалы індетпен ауырған науқастармен бетпе-бет келіп жатқан жоқ, дегенмен бұл ортақ күрес. Мұнда ант берген ақ халатты жандардың барлығында бір ғана мақсат бар, ол індеттің таралуына жол бермеу және адам өмірін сақтап қалу, – дейді Рәш Шәріпбайқызы.
Өкінішке қарай, облыс аумағында қатерлі ісікке шалдыққандар саны жыл сайын көбейіп келеді екен. Қазір облыстың оңтүстік аудандарында тұратын адамдардың арасында 8 900 науқас диспансерлік есепке алынған. Өткен жылы 1 700 адамнан дерттің алғашқы белгісі анықталған. Ал былтыр асқынған ауру 703 адамның өмірін жалмаса, жыл басынан бері 213 науқас о дүниелік болған. Сараланған дерек бойынша, онкологиялық есепке алынған науқастар арасында сүт безінің қатерлі ісігі көш бастаса, одан кейінгі орында өкпе рагы тұр екен. Осы өкпеде пайда болған ісіктен көз жұматындар саны жоғары көрінеді.
– Қатерлі ісік – адам өміріне қауіпті болғанымен, бұл ажал үкімі емес. Науқастар осыны есте сақтауы керек. Дерттің алғашқы кезеңінде дәрігерге қаралып, асқындырмай ем алған адамның құлан таза айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Сол үшін де адамдар жиі тексеруден өтіп тұруы тиіс. Ал онколог дәрігерлер қатерлі ісіктен емдеу үшін аянып отырған жоқ. Қазір бұған барлық жағдай жасалған. Әрине проблема да шығып жатады. Көп жағдайда ота жасалатын науқастар қиналады. Қазіргі жүйе бойынша хирургиялық ем-дом шарасы медициналық есепке алу порталы арқылы жасалатыны белгілі. Науқастар кезек күтіп қалатын жағдай болады. Бірақ біз бұған қарамастан, дерттің салмағын жеңілдетуге күш саламыз. Дәрі-дәрмекпен қамтуда кідіріс жоқ, мамандар жеткілікті, медициналық құрылғылар бар, – дейді Алматы қаласындағы аймақтық онкология диспансері директорының орынбасары Рәш Шалбаева.
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар