Қырғызстанның коронавируспен күрес мемлекеттік штабының мәліметінше, елде вирус жұқтырғандардың жаңа 205 жағдайы тіркелген. Оның 82-сі Бішкекте анықталған. Бұл пандемия басталғалы бері елде тіркелген рекордты көрсеткіш.
Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері де бар. Кеше тіркелген 205 науқастың 26-сы медицина қызметкері. Осы уақытқа дейін бұл елде 582 медицина қызметкері індет жұқтырған.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас қайтыс болды, 10 адам індеттен жазылып шықты.
Жалпы елде бүгінге дейін 3356 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 40 адам көз жұмды, 2021 адам емделіп шықты.