Спорт • 22 Маусым, 2020

Мейвейзердің рекордын бұзған боксшы карьерасын аяқтады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC президенті Дана Уайт екі салмақ бойынша ұйымның бұрынғы чемпионы Конор МакГрегордың спорттан кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мейвейзердің рекордын бұзған боксшы карьерасын аяқтады

"Мен соңғы уақытта МакГрегор туралы ешқандай жаңалық естіген жоқпын. Ол карьерасын аяқтап кетті", деді Уайт.

Жуырда МакГрегор карьерасын аяқтағаны туралы хабарлаған еді. Бұған дейін ирландиялық спортшы екі рет карьерасын аяқтап, қайта оралған еді. Карьерасын не үшін аяқтады деген сауалға Конор лайықты қарсылас жоқ деп жауап берген болатын.

31 жастағы МакГрегор аралас жекпе-жекте 2008 жылдан бері өнер көрсетті. Соңғы кездесуін ол 2020 жылдың қаңтар айында Дональд Серронеге қарсы кездесу өткізіп, 40 секундта жеңіске жетті.

Жалпы Конор  аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, 22 кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет ұтылған. Ирландиялық спортшы соңғы рет Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген еді. Ол кездесу 2018 жылдың қазан айында өтті.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар