Қоғамдағы тыныштық тәтті ұйқыдағы нәресте іспетті. Ол да алақанға салып әлдилеуіңе, маңдайынан сипап мәпелеуіңе мұқтаж. Айқай-шу мен араздық оның да ұйқысын бұзып, берекесін қашырады. Сондықтан болар, нәресте анасына қарап еміренген кезде елдегі тыныштық тәртіп сақшысын іздеп тебіренеді. Себебі ел тұтастығының ең асыл темірқазығы – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік. Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар. Ал тұрақтылығы тұғырдан түспеген мемлекеттің келешегі кемел, болашағы баянды болмақ. Осы құндылықтардың қарауылында Қазақстан полициясы тұр!

Ата-бабасы абақты тұрғызбаған халықтың ұрпағымыз. Қадыр Мырза Әлі жұртымыздың бір жақсысы мен бір жаманын тілге тиек етіп, осылай деп еді: «Бір жақсысы – абақты тұрғызбаған»... Ойлап отырсақ, аттың жалы, түйенің қомындағы көшпенді халық түрме тұрғызып қайтсін? Ол заманның тентектері абақтыдан емес, сүйекке таңба болар ауыр сөзден қорқатұғын. Өкінішке қарай, бұл ұстаным бүгінде көрген түс, айтқан аңызға айналды. Амалдың жоқтығынан бір кездегі шешендер мен көсемдердің, қадірі артқан ауыл ақсақалдарының иығындағы ауыр жүкті тәртіп сақшыларына аманаттадық. Әйтпегенде жолдан тайғанды жөнге сала алмасақ айналамыз аласапыранға айналар еді. Бейберекет әрекеттерден қол-аяғымыз байланар еді...
Бала күнімізде ересектердің «өскенде кім боласың?» дегеніне «милисә» деп жауап қататын едік. Кинодан көрген тәртіп сақшыларының кескін-келбеті, қаһармандығы мен қызметтік киімі, мықындағы тапаншасы, өзін өзі ұстауы ер баланы еріксіз қызықтырады ғой. Есейе келе бұл қызметтің қызығынан гөрі шыжығы көп екенін естіп, бала күнгі арманнан айнып қалдық. Шыжық деп отырғаным көп «гражданскилер» біле бермейтін полиция қызметінің машақаты. Әрине машақаты жоқ жұмыс бола ма дерсіз? Болатын да шығар. Алайда күштік құрылымдардағы қыруар жұмысты өлшемге салып өлшеуге, әлдеқандай қызметпен салыстыруға болмайтынын түсіндім. Олай болмағанда тәртіп сақшысының бір жылдық еңбек өтілі бір жарым жылға бағалансын ба? Бекер демегейсіз. Олар еткен еңбектің ең жарқын көрсеткіші – отандастарымыздың алаңсыз өмірі, тұғырда тұрған ел тыныштығы!
Бәйгеге басын тіккендер
Алайда осы ел тыныштығын сақтаудың да өзіндік құны бар. Қызмет бабында жүріп сол құнды біреу қайтып қалпына келмес денсаулығымен, енді бірі одан зорғысы – өмірімен өтеп жүр. Елі үшін ерлік танытқан ондай азаматтарды «бейбіт күннің батырлары» деп бағалаймыз. Жау жағадан алмаған соң біздер үшін бүгінгі өмір бейбіт те шығар, бәлкім. Бірақ қылмыспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген жандар үшін тәртіп сақшысының әр күні қауіп пен қатерге толы. Олар босағадан аттап бара жатып ата-анасының, жан-жарының, бала-шағасының маңдайынан бір иіскеп кетуге тырысады. «Күн ұясына қонарда ораламыз ба, жоқ па?» деген үміт пен күдіктің салмағы осыншалық ауыр. Себебі қызметіне үйден өз аяғымен аттанып, ақ кебінге оранғаны қаншама...
Бір мақалада ондай қайғылы оқиғалардың барлығын жіпке тізіп шығу оңайға соқпасы белгілі. Көздеген мақсатымыз да ол емес. Алайда елді дүрліктірген бірінеше жайтты атаусыз қалдыруға да болмайды. Алысқа бармайық, күні кеше Алматы маңындағы бақылау-өткізу бекетінде орын алған жол апатының салдарынан қызмет бабында болған Жалғас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов есімді қос полиция қызметкерінің өмірі үзілді.
Тоқсаныншы жылдардың соңында Қарағандыда қараниеттілердің қолынан қаза тапқан Рустам Мәжитов пен Нұрлан Байғаскиннің, 2011 жылы Тараз қаласындағы көше бойында оқ атқан лаңкеске қарсы тұрамыз деп өмірі үзілген Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың, оның әріптестері Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітовтің, өткен жылы Атырауда суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалғанымен, өзі ажал құрығына түскен полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің есімдері ел жадынан өшпейді.
Өкінішке қарай, бұл – басын бәйгеге тігемін деп қызмет бабында қаза тапқан тәртіп сақшыларының бір парасы ғана. Ал жалпы тәуелсіздік жылдары елімізде ішкі істер органының бас-аяғы 2264 қызметкері өмірден озса, соның 787-сі қызметтік борышын өтеу кезінде, 83-і қауіпті қылмыскерлерді құрықтау барысында ерлікпен қаза тауыпты. Сондай-ақ 3512 тәртіп сақшысы жарақат алып, соның 899-ы қылмыскерлерді ұстау барысында ауыр жараланды.
«Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» болған соң, кімнің дос, кімнің қас екенін аңғарып ала қою қиын. Қиыны қиын екен деп тәртіп сақшысы қарап жатсын ба? Жарғақ құлағы жастыққа тимей, ел тыныштығын көздің қарашығындай қорғап тұр! Олай болса түнгі аспанға қарайықшы. Бәлкім біздің тыныштығымызды қорғап қалу үшін өз өмірлерін қиған нағыз жұлдыздар төбемізде жарқырап тұрған болар...
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар