Спорт • 23 Маусым, 2020

Ертең Лионель Мессидің туған күні

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең әлемдік футболдың шоқ жұлдызы Лионель Мессидің туған күні. Аргентина ұлттық құрамасы мен Испанияның "Барселона" клубының сұрмергені 33 жасқа толады, - деп жазады Egemen.kz

Ертең Лионель Мессидің туған күні

Лионель 1987 жылдың 24 маусымында Аргентинаның Росарио қаласында дүниеге келді. Бес жасынан футболмен шұғылданған бала лезде-ақ дара талантымен оқшауланып, 13 жасында әйгілі "Барселонаның" қырағы мамандарының назарына ілікті. Осылайша, ол Пиреней түбегіне аттанды. Ал Мессидің одан кейінгі жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толы екеніне барша жанкүйер куә. 2003 жылы каталониялық клубтың негізгі құрамасына қабылданған ол сол кезден бері айтулы команданың намысын абыройлы қорғауда. Лионель "Барселонамен" бірге биік белестердің барлығын бағындырып, талай рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Ал Аргентина құрамасы сапында Олимпиада чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Америка Кубогында сан мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Басқа да көптеген дүбірлі доп додаларында мол олжаға кенелді.

Ең бастысы, ФИФА ұйымы мен "Франс Футбол басылымы тағайындаған әлем мен Еуропаның ең үздік футболшысына тиесілі "Алтын допты" Лионель Месси алты мәрте иеленді. Сондай-ақ, ол алты рет "Алтын бутсының" иегері атанды. Күні бүгінге дейін осы спорт түрін серік еткен төрткүл дүниедегі бірде-бір ойыншы дәл осындай орасан зор табысқа жете алған жоқ.    

Соңғы жаңалықтар