Футбол • 23 Маусым, 2020

Бүгін Зинедин Зиданның туған күні

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Зинедин Зиданның туған күні. Кезінде Франция құрамасы сапында әлем мен Еуропа чемпионы, сол жарыстардың күміс пен қола жүлдегері атанған әйгілі футболшы 48 жасқа толып отыр, - деп жазады Egemen.kz

Бүгін Зинедин Зиданның туған күні

Болашақ футбол жұлдызының әке-шешесі 1953 жылы Алжирден Францияға қоныс аударды. 1972 жылдың 23 маусымында Марсель қаласында Зинедин дүниеге келді. Балауса кезінен дзюдо, велоспорт және скейтбордингпен айналысқанымен, оның футболға деген құштарлығы күштірек болады. Осылайша, Зиданың таңдауы осы спорт түріне түседі.

Спорттық карьерасын жергілікті "Канн" және "Бордо" клубтарында бастаған Зинедин 1996 жылы Туриннің "Ювентусының" жейдесін киеді. 2001 жылы Мадридтің "Реалына" ауысады. Дәл осы қос командада айтулы ойыншының жұлдызы жарқырай жанды.

Өрелі өнерімен миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулаған алжирлік жігіт төрт рет әлемнің ең үздік футболшысы атағын иеленеді. Бір рет Еуропаның теңдессіз деп танылды. Оның басқа да толып жатқан атақтары тағы бар. Бұл күндері Зинедин Зидан Мадридтің "Реал" клубының бас бапкері қызметін атқаруда.