Технология • 24 Маусым, 2020

Apple мен Google басшылары АҚШ-тың жұмыс визаларына қатысты шешіміне наразы

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple және Google компанияларының басшылары Тим Кук пен Сундар Пичай АҚШ президенті Дональд Трамптың бірқатар санаттағы жұмыс визаларын беруді тоқтата тұру туралы жарлыққа қол қойғанына көңілдері толмайтындығын айтты, деп жазады Egemen.kz

Apple мен Google басшылары АҚШ-тың жұмыс визаларына қатысты шешіміне наразы

"Apple сияқты иммигранттар да әрқашан біздің сан алуандығымыздан күш-қуат алатын және американдық арманның өзгеріссіз қала беретіндігіне сенді. Екеуі болмаса, өркендеу болмайды. Сондықтан бұл мәлімдемеге қатты көңілім қалды", деп жазды Кук өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында.

Ал Пичай өзінің блогында: "Иммиграция Американың экономикалық жетістігіне едәуір үлесін қосты". Оны жаһандық технологиялар көшбасшысы деп атап өтті. Google басшысы бүгінгі мәлімдемеге көңілі толмайтынын және компания "иммигранттарға қолдау көрсетуді және барлық мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз" дейді компания басшысы.

Майкрософт корпорациясының төрағасы Брэд Смит та өзінің твиттердегі жазбасында Трамптың шешіміне түсінік бере отырып:  "Қазір әлем таланттарынан бас тартатын және алаңдаушылық туғызатын уақыт емес" деп атап өтті. Оның айтуынша, компанияда "иммигранттар маңызды рөл атқарады" және "елдің маңызды инфрақұрылымын жасақтайды" дейді Б.Смит.

Бұған дейін американдық Twitter компаниясы АҚШ-тың жұмыс визаларына қатысты шешімін сынға алып, Вашингтонның бұл шешімі қысқа мерзімде қаралғандығын және Америка Құрама Штаттарының экономикалық әлеуетіне нұқсан келтіретінін мәлімдеген еді.