"Шөлдала" иіні бүгінде Тараз қаласының аумағына қарайтын алқаптың бірі. Аталған ауданда 20 мың 300 тұрғын бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда, тұрғындардың тәртібі, түрлі мәселелер де қазіргі кезде жіті қадағалануда. Осыған орай, Тараз қаласында қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында жедел алдын алу іс-шарасы өттті. Оған 140-тан астам полиция қызметкері қатысты.
Тексеру жұмыстары барысында "Шөлдала" иінінде орналасқан 29 үй қамтылып, 76 адамға дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында бір тәулікте 41 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ, инфрақұрылым нысандарын бұзу, қала мен елдімекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру сияқты заңбұзушылықтар бар.
Сонымен қатар, 12 қару иесі тексеріліп, 2 адамға қатысты қаруды сақтау және тіркеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған. Есепте тұрған 73 адам тексерілген. Сондай-ақ, тұрғындармен ұрлықтың алдын алу, мал жаю ережесі, балалар қылмысының алдын алу, сондай-ақ, су айдындарында шомылу мәселелері бойынша да профилактикалық бағыттағы ескерту жұмыстары жүргізілген.
Жамбыл облысы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар