Медиа саласы жылдан жылға түрленіп, технологияның дамуымен бұрынғы шеңберінен шығып, тұтынушыға жаңа формалар мен форматта ақпарат ұсынып келеді. Қазір хабар таратудың алуан түрлі жолы мен тәсілі бар. Қоғамда дәстүрлі БАҚ жаңа медианың көлеңкесінде қалып қойды деген пікір де айтылып қалады. Десе де жаһандағы соңғы оқиғалар аудиторияның сенімді ақпарат көзіне деген сұранысы әлі де жоғары екенін айқын көрсетті. Әсіресе әлеуметтік желі мен Интернет порталдардағы қаптаған күмәнді хабарлардың қасында сапалы дүние ұсынған дәстүрлі БАҚ-тың дараланып тұратыны сөзсіз.

Жаһанды жалған ақпарат кезіп жүр
БАҚ туралы сөз қозғағанда көш бастап тұрған Батыс елдерінің медиа саласына, ондағы соңғы трендтер мен қазіргі жағдайға тоқталмай кету мүмкін емес. Дүние жүзіндегі бұқаралық ақпарат құралдары әр елдің ерекшелігіне қарай түрленсе де, барлығына ортақ дүниелер де бар. Технология дәуірінде дәстүрлі БАҚ-қа сұраныс төмендейді деген пікір әр жерде айтылып қалады. Алайда бүгін көріп отырғанымыздай, газет, радио, телевизия не интернет болсын, керісінше өзара ықпалдасып, бірін-бірі толықтырып жатыр. Сарапшылар бірауыздан медиа саласы үлкен трансформацияға ұшырағанын айтады.
1960 жылдың өзінде канадалық зерттеуші Маршалл Маклюэн телевизия болашақта «жаһандық ауыл құрады» деп болжаған екен, онда «уақыт тоқтап, кеңістік жоғалады». Канадалық зерттеушінің айтқаны айнымай келді. Дегенмен жаһандану мен технологияның саланы қалай түрлендіретінін ешкім дәл болжай алмаса керек. Қазір шекара, мәдениет, ұлттық ерекшеліктер түсінігі де біртіндеп жойылып бара жатқан тәрізді. Бұл өзгерістің дұрыс-бұрыстығы өз алдына бөлек әңгіме. Бұл жердегі мақсат – БАҚ-тың ғаламдық рөлін айқындау. Әдетте медиа түсінігіне қолымыздағы телефон мен барлық байланыс құралын, көңіл көтеруге арналған кез келген технологиялық құрылғы мен әлеуметтік желіні де қосады. Алайда біз қарастыратын мәселе ресми тіркелген БАҚ төңірегінде болмақ.
Интернеттің игілігін өз кәдесіне жаратқан ақпарат құралдарына қазір қандай да бір шектеу қою қиын. Сала сарапшылары, медиа зерттеушілер мен кәсіби мамандар соңғы жылдары жалған ақпаратпен, яғни «фейкпен» күрес мәселесін жиі көтеріп жүр. Осыдан 20 жыл бұрын АҚШ-та «деректерді тексеру» – ағылшынша «fact-checking» ұғымы да пайда болған-ды. Бұл бағытта жасалған шетелдік зерттеулерден көз сүрінеді. Зерттеумен шұғылданатын арнайы ұйымдар мен редакциялар да бар. «Әлеуметтік желі арқылы тексерілмеген, жалған, фейк ақпараттың таралу жылдамдығы кәсіби деңгейде жазылған ақпаратпен салыстырғанда 70 пайызға жылдам заманда БАҚ үшін ең басты мәселе – тұтынушы сеніміне селкеу түсірмеу. Қазір жылдам, эксклюзивті хабар таратамын дегенді басты қағида етіп алған журналистер осы жағынан көп сүрінеді. Бұл – отандық және шетелдік журналистерге ортақ негізгі мәселе», дейді медиа зерттеуші Әлия Текенова.
Жалған мәлімет тарату – бүгінгі ақпарат саласының басты ауруы десек артық болмас. Бұған, әсіресе пандемия кезінде нақты көз жетті. Дүние жүзінің дәрігерлері жаппай белгісіз вируспен, ал миллиондаған адам өз өмірі үшін күресіп жатқанда жаһанда тағы бір індет пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны «инфодемия» деп атап, одан келетін қауіп коронавируспен бірдей екенін ескертті. Міне, осыдан-ақ ақпараттың қандай күшке ие екенін аңғару қиын емес. Ең сорақысы – осы жалған, расталмаған деректердің ресми БАҚ-та да кездесетіні.
Жалған ақпаратты ноқталаудың бір шешімі мамандардың біліктілігін арттырып, деректерді тексеруге үйрету болса, екіншісі тұтынушының өзіне келіп тіреледі. Қазіргідей ақпарат теңізінде өмір сүріп жатқан адамға сыни тұрғыда ойлап, өз талғамын қалыптастыру өте маңызды болмақ. Қазір қайда барсаң да, кіммен сөйлессең де, телефоныңды қолға алсаң да, жаңа нәрсе көресің не естисің. Осыған орай соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдары өз аудиториясын «тәрбиелеуге», оларға қамқорлық танытуға тырысуы керек деген түсінік қалыптасып келеді. Жалпы, дүние жүзінде медиа сауаттылық мәселесінің өзектілігі жылдан-жылға артуда. Әсіресе бұл жас ұрпақ үшін өте маңызды, себебі технологияның дамыған дәуірінде дүниеге келген балалар жастайынан сол қазанда қайнап өсетіні белгілі. Калифорния-Сан Диего университетінде жүргізілген зерттеуге сүйенсек, адам күніне 34 гигабайтқа тең ақпарат өңдейтін көрінеді. Бұл ең мықты деген компьютердің өзін бір аптада істен шығаруы мүмкін. Ғалымдар, сондай-ақ адам күніне 105 мың сөз қабылдайтынын айтады, бұл дегеніміз секундына 23 сөз. Осылайша жалған ақпаратпен күресте тиімді шешімдердің бірі – аудиторияға ақпаратты сұрыптауды үйретуге келіп саяды. Сондықтан да көптеген елдер медиа сауаттылық сабағын мектеп бағдарламасына енгізе бастады. Одан бөлек қосымша курстар мен семинарлар жиі өткізіледі.
Ақпараттың адам санасына әсерін талдаған зерттеушілер қазіргі таңда тұрғындардың барлық мәліметті сол күйінде қабылдаудың орнына, өзіне керегін алып, керек емесін ысырып қоюының маңыздылығын алға тартады. Бұл ретте қоғам, БАҚ пен үкіметтің бірлесе жұмыс істеуі шешуші рөл ойнамақ. Жоғарыдағы мәселелер ғаламдық БАҚ үшін ғана емес, еліміздің ақпарат саласы үшін де өзекті мәселе екені сөзсіз. Жалған ақпарат таратқандар бір күндік назарға іліккенімен, ұзақ уақыт жинаған беделінен сол мезетте айырылуы мүмкін екенін ескергені жөн болар. Қазіргі ең басты «әлеуметтік капитал» сенім болған тұста объективті ақпараттың бәсі әрдайым биік болары хақ.
Сұранысты сапалы контент көбейтеді
Жақында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған алқалы жиын өткізді. Шараға қатысқан білікті мамандар, зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар саланы ілгерілетуге қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Бұл кездесуде БАҚ-тың мемлекеттік жүйедегі маңызды рөлін атап өткен министр саладағы өзекті мәселелерге де тоқталды.
Қазақстанда барлығы 3600-ден астам БАҚ тіркелген. Олардың ішінде ең танымал ақпарат құралы әлі де телевизия болып тұр. Интернет-ресурстар екінші орынға орналасса, дәстүрлі басылымдар үшінші орында. Дегенмен интернеттің дамуымен бұл көрсеткіш алдағы жылдары өзгеріске ұшырауы да ғажап емес. Шетелдік және отандық мамандар онлайн БАҚ-қа сұраныс жыл сайын өсіп келе жатқанын айтады. Елімізде әлі де интернет жетпеген елді мекендердің бар екенін ескерсек, телевизияның ең танымал ақпарат құралы болуы – заңдылық. Цифрландыру жоспары бойынша биыл 880 ауылдың кең жолақты интернетке қосылуы БАҚ саласына да өзгеріс әкелуі ықтимал.
Жалпы, ақпарат саласындағы басты жаңалықтар Үкімет бекіткен 2020-2022 жылдарға арналған «Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарына» сәйкес енгізіледі. Ведомствоның алдағы жоспарлары мен бастамалары осы құжатта жазылған. Оған сәйкес отандық ақпарат кеңістігін дамытудың үш негізгі бағыты анықталған. Олар – бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кадрларды даярлау және ақпарат саласындағы заңнама мен құқықтық мәселелерді пысықтау. Ал саладағы бәсекелестікті арттыру үшін, ең алдымен, мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау керек екені айтылады. Құжатта осыған байланысты жаңалықтар материалдарын өндіруге мемлекеттік ақпараттық тапсырыстан қаражат бөлуді алып тастау ұсынылады. Осылайша ақпарат құралдарының басқа әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қаузауына жол ашуды көздейді. Контент тақырыбы саладағы ең өзекті мәселенің бірі екені анық. Ол туралы кәсіби мамандар ғана емес, тұтынушылардың өзі талайдан бері айтып келеді.
Журналистік зерттеулер, шолу материалдары, сараптамалық бағдарламалар мен мақалалар отандық БАҚ-қа ауадай қажет. Себебі қазіргі ақпарат құралдарындағы кейбір материалдардың сапасы сын көтермейтіні тағы бар. Бұл мәселе көп жағдайда қаржыландыруға келіп тіреледі. Мемлекеттен қолдау алатын БАҚ оқырманның сұранысынан гөрі, эфирді толтыру не жоспарды уақытында орындауға көбірек мән беретіні белгілі. Сапалы контент ұсыну арқылы жазылушылар санын көбейту әбден мүмкін екенін шетелдік БАҚ тәжірибесінен көруге болады. Мәселен, британиялық «The Guardian» газеті материалдардың сапасы мен түпнұсқалығына баса назар аударып, жаңалықтар санын қысқартқан. Осылайша басылым аудиториясы екі есеге артқан.
Министрлік ұсынған құжатта мемлекеттік тапсырма мен тапсырыс шеңберінде талдау материалдарының үлесін ұлғайту мүмкіндігін қарау қажеттілігі де көтерілген. Бұл өз кезегінде материал сапасын арттырып, БАҚ-қа тұрақты аудитория жинауға көмектессе, отандық ақпарат құралдарына өздігінен жазылушылар есебінен қаржы табуына жол ашылар еді.
Республикалық БАҚ оқырман тарту, сапалы контент, заман талабына ілесу, жаңа технологияларды меңгеру секілді мәселелерге бас қатырса, ал аймақтардағы ақпарат құралдары орталықтағы әріптестерімен бәсекеде кейін қалып отыр. «Жаңа медианың дамуымен аймақтық БАҚ қиындықтарға тап болды. Себебі ақпарат агенттіктері арқылы, әлеуметтік желіде хабар жедел тарайды. Сол себепті аймақтық БАҚ-қа сұраныс азайып, коммерциялық табыс төмендеді. Оған кадр тапшылығы, техниканың ескіруі секілді мәселелер тағы қосылады», дейді «Semei» телеарнасы директорының орынбасары Бектұрсын Зікібаев.
Жалпы, бүгін мәтін форматындағы материалдарды мультимедиа алмастыруға көшті. Оған дыбыстық және бейне иллюстрацияларды тағы қосыңыз. Ұлттық жоспарда кадр мәселесінде түрлі медиаөнім даярлай алатын әмбебап мамандар туралы да айтылған, әсіресе жергілікті жерлердегі журналистердің біліктілігін көтеру мәселесі өзекті. Осыған қатысты пікір білдірген Бектұрсын Зікібаев жоспарда көрсетілген холдинг құру процесін аймақтарда жаппай іске асыру қажет екенін атап өтті. «Сол арқылы өңірлердегі бүкіл ақпарат құралдарын бір шаңырақтың астына жинап, шығынын азайтуға болады. Үнемделген қаржы есебінен техниканы жаңартып, әлеуметтік желідегі белсенділікті арттырып, заман сұранысына сай тәсілдерді енгізуге мүмкіндік туады. Шығын қысқарғаннан кейін, мамандардың жалақысын көбейтіп, олардың біліктілігін үнемі арттырып тұруға жол ашылады», дейді маман.
Жақын жылдары жүзеге асатын Ұлттық жоспар бойынша кадр даярлау мәселесі негізі бағыттардың бірі болып тұр. Оған сәйкес, жүйені қайта қарап, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ұсынылған. Білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін Медиаиндустрия академиясы құрылуы мүмкін. Қазір болашақ мамандарды еліміздің жоғары оқу орындарының журналистика факультеттері даярлайды. Журналистерді төрт жыл университет қабырғасында оқыту мәселесі де қоғамда ара-тұра көтеріліп жүр. Біреулері журналистика арнайы оқуды қажет етпейді десе, екінші топ дәстүрлі оқу жүйесі қажет екенін алға тартады. Сала мамандары тек жүргізушілер мен дикторлардан тұрады деп ойласақ, арнайы оқудың қажеті де болмауы мүмкін. Бірақ кино секілді медиаөнімді де әзірлеуге «сахна сыртында жүретін» бір топ маман қатысады. Ал дайын жұмыстың сапасы тікелей солардың біліктілігіне байланысты. БАҚ қызметі күнде тауар дайындайтын зауыт секілді көрінгенімен, оның қоғамдық пікірге әсер етуде ойнайтын идеологиялық рөлі орасан. Осы себепті де арнайы кәсіби даярлығы жоқ маманның өрескел қате жібермесіне кім кепіл? Журналистика факультеттерінде теорияға қарағанда практикалық сабақтарға басымдық беру – оң шешімнің бірі болмақ. Академиялық даярлық қай мамандық иесіне болсын қажет, тек соны тиімді үйлестіре білу – басты міндеттердің бірі. Отандық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, заман талабына, қоғам сұранысына жауап беретін дүние ұсынуын қадағалауға келгенде ұлттық жоспарға үлкен үміт артылады.
«Қолында ақпараты бар адам әлемді басқарады» деген көпке белгілі сөздің растығына күмән келтіру қиын. Қанша айбынды басшы не көш бастаған алып мемлекет бол, кім болса да әлемге өз әмірін жүргізетін төртінші билікпен санасуына тура келеді. Әлемдік медиакеңістікте ұлттық БАҚ-тың төрт құбыласы түгел болсын десек, бәсекеге қабілетті дүние жасауға бейімделгеніміз абзал.
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 22:10
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Ұқсас жаңалықтар