Қоғам • 25 Маусым, 2020

Карантин кезінде адам өзін қалай басқара алады?

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің әдеттегі өмір сүру салтымыз өзгергенде, әсіресе  жеке таңдауымыз болмаған жағдайларда, шағын дағдарысты бастан өткереміз. Карантин жарияланған алғашқы күнннен бастап ситуацияны адамдар әртүрлі қабылдады. Ал оның экономикалық, әлеуметтік, психологиялық себеп-салдарын біраз оқшауланғаннан кейін сезе бастағандай болдық. Бұл адамдарды сенімсіздікке алып келді. Ал экстремалдық жағдайда өзінің эмоциясын реттей алмайтын адамдарға біршама қиын болды.

Карантин кезінде адам өзін қалай басқара алады?

Кез келген дағдарыс жаңа идеялардың жаңа жоспарлардың туындауына алып келеді. Бұл жерде жеке тұлғаның экстремалдық ситуациядан шығу әрекетін ұтымды пайдаланып, ішкі психологиялық резустарын қолдана алуы керек. Сіздің жағдайыңыз сіздің жеке басыңызға тікелей әсер етеді.

Сондықтан да қобалжудың себептері бар. Бірақ ең бастысы, өз-өзіңізді сабырға келтіріп және бойыңызда эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру керек. Стресс жағдайында адам өзінің шынайылығын жоғалтады. жағымсыз эмоциялар, қорқыныш және ертеңгі күнге сенімсіздік жұмыс жасауыңызға әсер етеді. Осы орайда дағдарысты жағдайдан шығуда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәжірибелі психологы Бақыт Жигитбекованың бірнеше кеңестерін ұсынамыз: нақты не болғанын және дағдарыс сізге және сіздің жақындарыңызға қандай әсер ететінін жазып алыңыз; сіз үшін қандай жағдай әсер етуі мүмкін екенін талдаңыз; сонда нақтылық пайда болып, сіздің бойыңыздан үрей мен қорқыныш кете бастайды; "Қазір нақты осы жерде" принципіне оралыңыз (қандай іс-әрекеттен бастаймын, қолымда не бар не істеймін?); болашақтағы іс -әрекетіңізді позитивті жоспарлаңыз.

Соңғы жаңалықтар

Жас буын туралы зерттеу

Жастар • Бүгін, 08:45

Есірткі қылмысымен күрес

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тағы гран-при әкелді

Қоғам • Бүгін, 08:25

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:05

Қайыспас қайыңдай қайсарлық

Әдебиет • Бүгін, 08:03

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Алғашқы өлең

Әдебиет • Кеше

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • Кеше

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • Кеше

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • Кеше