Қоғам • 25 Маусым, 2020

2020 жылы 6 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды

42 рет көрсетілді

Осы жылдың 5 айында 6,3 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбекминінің басшысы 1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі қандас мәртебесін алғанын, бұл еліміздегі халықтың 6%-ын құрайтынын атап өтті.

"Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша Республикамызға 3245 отбасы (6 361 этникалық қазақ) көшіп  келді, қандастар мен қоныс аударушылардан тұратын 631 отбасы (2 224 адам) қабылдау өңірлерінде (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) орналасты", – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойғанын мысалға келтірді. Онда келесі жаңа ережелер көзделген:           

- "қандас" түсінігінің  жаңа нұсқасы. Оған сәйкес этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып табылады;           

- жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге, бір рет жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ұзартуы;           

- атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы болуы.           

Сыртқы еңбек көші-қоны туралы айта келіп, министр шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі - ШЖК) тарту квотасы, 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайғанына басты назар аударды.           

"Жыл басынан бері 7,7 мыңнан астам ШЖК тартуға рұқсат берілді. Жұмыс берушілер 2,8 миллиард теңге көлемінде салық төледі. Бұл ретте  кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету талабын орындайтын  компаниялардың үлесі қазір 96%-ды құрап отырғанын", - атап көрсетті Біржан Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар

Теріскейдің Самалы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар