Жуырда Жамбыл облысында жасөспірімдердің арасында жаппай төбелес болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Нақтысын айтсақ, Тараз қаласы «Шөлдала» аймағына қарасты «Береке» алабының 15 жастағы тұрғыны Оралбек Кедебаев төбелес салдарынан қаза тапқан-ды. Аталған қанды оқиға, бозбаланың мезгілсіз өлімі, оған пышақ салған жасөспірімдердің қатыгездігі де қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.

Қапыда мерт болған О.Кедебаев болашақта атақты спортшы болуды армандапты. Өкініштісі сол, жеткіншектің ақеділ арманы өзімен бірге жер қойнына мәңгілікке кетті. Биыл сегізінші сыныпты аяқтап отырған бозбала бір үйдегі алты баланың төртіншісі екен. Үйіндегілер сабақты жақсы оқитын, тәртібі де дұрыс Оралбектің күндіз Тараз қаласына, кешке қарай өзі оқитын №59 мектепке барып спортпен шұғылданатынын айтады. Өскенде танымал спортшы болуды армандаған ол осы күннен бастап мақсатына жетуге талпыныпты. Алайда балалар арасындағы келіспеушіліктің соңы топтасып төбелесуге алып келіп, ақыры адам өлімімен аяқталып отыр. Оралбек әуелі жанындағы 3 досымен балалармен кездесуге барып, 16 баланың қарсылығына тап болған. Төбелес кезінде Оралбектің денесіне сегіз жерден пышақ ұрылып, марқұм көп қан жоғалтқан. Тіпті пышақ кеуде тұсына да тиіп, өкпесі мен жүрегі зақымданған. Өкінішке қарай, жайқалып өсіп келе жатқан жеткіншектің жас ғұмыры қапыда қиылып кете барды.
Жалпы, көпшіліктің арасында төбелес туралы әртүрлі әңгіме айтылуда. Дегенмен, мәселенің мән-жайын білмек болып біз О.Кедебаевтың отбасына арнайы бардық. Марқұмның әкесі Бейсенбай Құтышевтің айтуынша, Оралбек сол күні балалардың хабарласып жатқанын анасына айтып, олармен кездесуге көшеге шығып кеткен. «Мен жұмыста болатынмын. Балалармен кездесудің соңы осылай қайғылы жағдаймен аяқталып отыр», деген қаралы үйдің отағасы Б.Құтышев баланың өміріне дер кезінде араша түсе алмаған дәрігерлерге ренішін жеткізді. Оның айтуынша, Оралбек облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түскен соң баланың ағалары мен жақындары артынан барған. Бұл түнгі сағат он бір мен он екінің арасындағы жағдай. Алайда дәрігерлер баланың ағзасына қан құю үшін әкесі келіп рұқсат беру керектігін айтып, барған адамдарға құжатқа қол қойдырмаған. «Үш сағаттай уақыт дәрігерлер мені күтіп отырған. Сол екі аралықта бала талай қан жоғалтты ғой. Егер олар балаға қан құйып, әрекет жасай бергенде мүмкін аман қалар ма еді. Менің рұқсатымсыз-ақ қан құйып, баланы сақтап қалу үшін әрекет ете бергенде мен «Неге баланы аман алып қалдыңдар?» демейтін едім ғой. Бұл жерде адамның тағдыры қыл үстінде тұр. Бір секунд уақыт қымбат. Бірақ дәрігерлер олай жасаған жоқ. Мұны салғырттық емес, жауыздық дер едім. Мен ауруханаға барғанымда да не қан, не оны құятын ешкім болған жоқ. Ешқайсысында да жауапкершілік жоқ. Осы сәтте адамнан қасиет, сөзден дуа кеткенін көрдім. Өткен жылы мен де ауырдым. Сонда Таразда бармаған жерім жоқ. Мұнда да дәрігерлер маған ешқандай диагноз қоя алмады. Тек сандалтып қойды», деп ашынады Б.Құтышев.
Сондай-ақ қайғыдан қан жұтқан әкенің айтуынша, оқиғаға 20 бала қатысқан. Алайда қазірдің өзінде қылмысты ашу жұмыстары дұрыс жүргізілмей жатыр екен. «Оқиғаға қатысқан 20 баланың біреуі, яғни менің балам қайтыс болды. Бірақ, бүгінде 18 баладан ғана жауап алынған. Төбелеске қатысты бір бала сол күйі жоқ. Оны Жаңатас жаққа апарып жасырыпты деп естідік. Мен сол баланың да жауапқа тартылуын, жалпы төбелеске қатысқан барлық адамның жазасыз қалмауын талап етемін. Қазір 2 бала ғана қамауда отыр. Ол 2 баланың да әкелері жоқ. Шынын айтқанда, қалғандары бәрін сол екеуінің мойнына артып отыр. Қамалған 2 баланың үйіндегілер жылап бізге келді. Мен сонда оларға «Егер балаңыз кінәсіз болса, шығады. Барлығын заң шешеді», дедім. Олар да қалған балалардың жауапқа тартылмай, бостандықта жүргеніне қынжылады. Мен де бауыр етім баламды өлтірген қандықолдардың тайраңдап жүруіне жол бере алмаймын. Осы менің өзегімді өртейді. Жазадан құтылып кете ме деп қауіптенемін. Мен сол үшін кінәлілердің толық анықталып, жазасын алуын талап етемін. Әділдік іздеймін. Өйткені баламның өлімі мен үшін мәңгі өшпейтін қасірет. Мен ешкімнің басынуына жол бермеймін», дейді ол.
Сонымен қатар Б.Құтышев баласының денесіне 8 жерден емес, 11 жерден пышақ ұрылғанын айтты. Ол мұны перзентінің сүйегіне түскенде өз көзімен көрген. Қайғылы отбасы енді төбелеске қатысқандардың бәрінің де жазасыз қалмауын сұрап отыр. «Менің балам аралас жекпе-жекке қатысып жүрген. Ол бір-екі балаға бой бермейді. Пышақтаған бір бала деген ақылға қонымсыз нәрсе. Ол жерде бәрі жабылып, пышақтаған», дейді ол. Ал Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова қазір төбелеске қатысушылардың бәрі анықталып, олардан жауап алынғанын хабарлады. Аталған дерекпен Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Бұл ретте Б.Құтышев 2 баланың ғана қамалғанына наразы. Істің анық-қанығына жетіп, бәрінің де жазасыз қалмауын сұрайды. Ал О.Кедебаевтың өліміне қатысты Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сәтжанов та пікірін білдірді. Бас дәрігердің айтуынша, 13 маусым күні түнгі сағат 00:40 шамасында аталған аурухананың хирургиялық бөліміне жедел жәрдем көлігімен 2005 жылы туған науқас келіп түскен. «Сол кезде қасында болғандардың сөзіне қарағанда, бала пышақ жарақатын алған және жарты сағат бұрын есінен танған. Оған жүрек пен өкпеге зақым келген, кеуде қуысының пышақ жарақаты бар деген диагноз қойылған. Сол жамбасынан көптеген жарақат алған. 3-4 дәрежелі постгеморрогиялық шок. Ауруханаға түскеннен кейін дереу операциялық блокқа ауыстырылып, дәрігерлер жедел әрекет етіп, реанимациялық шаралар қабылдады. Алайда бұған қарамастан наркоз кезінде түнгі сағат 02:00-де жүрек тоқтап, биологиялық өлімге алып келді», дейді Азат Сәтжанов. Аталған аурухана әкімшілігі де О.Кедебаевтың көп қан жоғалтудан қайтыс болғанын растап отыр.
«Тас түскен жеріне ауыр». Әрине бауыр еті баласынан, жақынынан айырылу ешкімге де оңай тимейді. Құтышевтар отбасы біраз жылдар бұрын Өзбекстан жерінен көшіп келген екен. Ол жақта да жақсы тіршілік кешкен олар атамекенге келуді ұйғарыпты. Сөйтіп, ағайын-туғандарымен бірге бәрі «Шөлдала» аймағына қоныстанған. «Сырттан келген, ешкімі жоқ дейтін шығар бізді. Өйтіп басынбасын. Мен де осы балаларым өз Отанында ержетсін, елмен аралассын деп келдім. Ол жақта да жағдайымыз жаман болған жоқ. Бірақ туған топырақтың қасиеті бөлек қой. Елім деп келгенде көріп отырған қасіретім осы. Менің бір ғана тілегім бар – баламның өліміне қатысты барлық кінәлілер лайықты жазасын алсын. Әлгі жасырын жүрген бір баланың да жауапқа тартылуын, төбелеске қатысқан бәрінің қамауға алынуын талап етемін», дейді Бейсенбай Құтышев. Сондай-ақ олар үйінің іргесіндегі №59 мектептің стадионының да күндіз-түні ашық тұратынын, балалардың топырлап сонда жүретінін, кейде сол жерде ерегіс, төбелес болатынын, бірақ мұны ешкімнің де қадағаламайтынын айтты.
Бір қиындығы – бүгінде жасөспірімдер арасында төбелес көп. Қазір баяғыдай ойын баласы болып келіспей қалып, ертеңіне қайтадан татуласып кететін жағдай сирек. Бір-біріне қару кезеніп, өлтіруге дайын тұратын қатыгездік көбейіп келеді. Мұндай жағдайлардың соңы жақсылыққа апармайтынын осы жасөспірімнің өлімі көрсетіп отыр.
Жамбыл облысы
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар