Заманында атақты скульптор Микеланджело Буонарроти мен Леонардо да Винчи «Санта Мария дель Фьоре» соборының алдында жатқан үлкен мәрмәр тасқа таласып қалыпты. Жас Микель егде тартып қалған Леоның қарттығын сынап: «Бұл тасты қайтпексіз? Суретшіге ақыл, мүсіншіге бұлшық ет керек деген өзіңіз емес пе едіңіз?» депті. Сонда әлі бойынан күш-қайраты қайтпағандығын дәлелдеу үшін Леонардо қасында тұрған шәкірті Салаидің қолындағы жуан темір арматураны жұлып алып, оны жалаң қолымен майыстырып, доға болып қалған темірді «мықты болсаң қайта түзет» деген ишарамен Микеланджелоның алдына лақтыра салыпты. Сөйтсе, өр көкірек Микеланджело да сөзден жеңілмей: «Сіздің қателіктеріңізді менің түзетіп жүруге уақытым жоқ» деп кетіп қалса керек. Онысы Леонардоның Миландағы «Аттылы Сфорцаны» аяқтамай кетіп қалғандығын айтып тұрған сияқты. Мәселе онда емес, мәселе, сол екі алыпты айқастырған қымбат мәрмәр кейін Микиланджелоға тиесілі шығып, болашақ «Давид мүсіні» болып тарихта қалады.

Тамиланың таңғажайып өнеріне таңырқап отырып осы бір оқиғаны қайта есімізге түсірдік. Санамыздың сахнасы тарлығынан шығар, мүсін өнері десе мүлгіген қалпы Еуропаға қарап есіней салатын әдетіміз емес пе! Әйтпесе түбі бір түркі жұртының тереңдегі тарихын тасқа қашап, биік-биік бітіктерге жорық жырларымызды дәптерлеген, батыр бабаларымыздың балбал мүсіндерін байтақ сахараға осыдан мыңдаған жылдар бұрын орнатып кеткен өзіміздің өр бабаларымыз емес пе еді!..
Тамила сол өршіл рух пен азат санадан туған дара дарын дер едік. Тамиласы кім деп тағатсыздана бастаған боларсыздар, бәрін рет-ретімен баяндайық.
Тамила Маматова – Алатаудың арғы бетіндегі қырғыз ағайынның қаршадай ғана бәдізші бегімі. Ұлы тұлғалардың асқақ мүсіндерін құмнан құйып, тұғырға көтеріп жүрген таңғажайып талант.
Бұл жаңа есіммен ойда-жоқта ұшырастық. Әлеуметтік желінің бетін жүгіртіп жатып белгілі публицист Бауыржан Омарұлының парақшасында жарқ ете қалған ерекше туындыға елең ете қалдық. «Ала-Тоодой Айтматов» деп басталған жазбаны ашып оқымау мүмкін емес еді. «Бұл – қазақтар көп айтатын Адамзаттың Айтматовы – шоң Шыңғыстың алып мүсіні. Авторы – жас шамасы біздің баламыз қарайлас қырғыздың бір тұтам ғана кішкене қызы Тамила Маматова. Саз балшықты илеп, құмда ойнап өскен кəдімгі айылдың перзенті. Қаламгердің құрыштай құймасын бір жыл бойы тер төгіп, ерінбей-жалықпай жасап шыққан көрінеді. Таланты телегей теңіз, табиғаты бөлек Тамиланың осы дүниесі туралы мәліметтер бүгінде әлеуметтің желінің кемерінен асып-төгіліп жатыр... Мінсіз мүсін, терең талғам, ерен еңбек... Тау тұлғалы туындының кішкене қыздың қолынан шыққанына таң- ғаласың. Қазақша айтқанда, болайын деп тұрған бала!».
Бұл жазбаның ерекше айтар тұсы, Айтматов көкеміздің әлгі алып ескерткіші И.Репин атындағы Санкт-Петербург бейнелеу өнері, мүсін және архитектура институтын 2018 жылы бітірген мүсінші қыздың диплом жұмысы ғана екен. Сөзінің соңын ағамыз «Ал біз қазір қандай дипломдарды қорғатып жүрміз?» деп түйіпті! Рас-ау!
Тамиланың ыждаһатты еңбегі мен ықыласты тілегі оны осындай биік дәрежеге көтергені қуантады. Не керек, құмнан құбылыс тудырып қайталанбас тарихи тұлғаларды саздан сомдап жатқан біртуған ағайындарымыздың айбыны асып-ақ тұр.
Енді ескерткіштің қалай дүниеге келгенін қысқаша баяндап өткіміз келеді. Тамила жас күнінен классик жазушының шынайы болмысын ескерткіште ерекше көрсетуді армандайды екен. «Екінші мамандық алуым үшін диплом қорғап, жазушының жас күніндегі келбетін сомдауға тырыстым. Басында кемеңгер тұлғаның егде тартқан тұлғасын мүсіндегім келген, оған ұстаздарым жазушының жалын атқан жастық шағын сомдауды тапсырды. Ауылыма келе салып, кітапханаға тарттым. Қаламгер зертханасына үңіле жүріп алғашқы кескіндерді ойластырдым, түрлі эскиздер сыздым, портреттерге үңілдім, қайткен күнде қолымды жүргізуге талпындым. Неше күн өткенде тәуекелге бел байлап, қаңқаның алғашқы арматураларын дәнекерлей бастадым», дейді скульптор сұлу.
Композициялық құрылымы, жеткізер ойдың шешімі шебер шыққан туындыны автор әлі де дамыта түсетін сияқты. Мамандардың айтуынша, саз балшықтан жасалған бұл жұмыс әлі модель ғана деуге болады. Бұдан соң осы мүсіннің қалыбы жасалып, басқа металға немесе тасқа көшірілуі керек екен. Мүсінші Маматова бұдан бөлек, болашақта жазушы мүсінін қоладан да құюды армандайтынын айтады. Алайда қолаға кететін қомақты қаражатқа демеушілер табылмай жатқан сыңайлы. Талантты тұсайтын осындай тиын-тебен ғой, десек те оның қиял қанаты қайырылмаса екен дейміз. Айтматов феноменін ерекше бағалайтын Санкт-Петербург жұрты әлгі дипломды қорғау кезінде аталған мүсіннің биіктігі мен көлеміне қатты таңғалғанын айта кеткеніміз жөн. Аядай ғана шеберханадан алып мүсінді алып шыққан аруға шын өнерде шекара болмайтынын мойындай білетін ресейліктер зор ықылас танытыпты.
«Ей, қара тас! Менің сені қалай сүйетінімді сезсең ғой! Сенен қиялымдағы кез келген мүсінді қашап алар едім! Сені қайырымсыз дейтіндердің өздері қатты!» деп тебіреніпті Тамила талант. Оның өресі биік өнері мен таңғажайып талантына біз де әлбетте бас иеміз. Бағанағы әңгімеміздің басында айтқан «Суретшіге ақыл, мүсіншіге бұлшық ет керек» деген сөз де Тамиланың тас мүсіндерінің алдында аласарып бара жатқандай.
* * *
Әйтеуір әңгімемізді классик жазушы Шыңғыс Төреқұлұлынан бастадық қой, сол қарымды қаламгер атамыз бір сұхбатында үнемі өзімен бірге алып жүретін екі жәдігері барын айтыпты. Оның бірі әйгілі «Манас» жыры болса, екіншісі өзіне ұстаз тұтқан ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы екен.
Біздің Тамила қарындасымыз да сол жазушы атасы жанынан тастамай кеткен ұлы хакім, кемеңгер тұлға Абай болмысын өз шығармашылығына өзек етсе қандай жарасымды болар еді. Әрине бұл іске ел билігіндегі қызметшілер қырын қарамайды деп ойлаймыз. Біздегі бір-бірінен айнымай мүлгіген мүсіндерді көргенде «Тамиланың Шыңғысындай ескерткіш Абайымызда да болса» деп армандап қалғанымыз жасырын емес. Хакімнің асқақ тұлғасын шаблоннан шығарып, еркін сомдайтын Тамилаға тапсырыс берсек талайдың көкейіндегі Абай Алатаудың арғы қақпасынан алшаңдай кіретініне күмәніміз жоқ. Биыл адамзаттың алып ойшылының 175 жылдық мерейтойына Тамила талант тамаша тарту жасаса, оған үкіметіміз үрке қарамаса, нұр үстіне нұр емес пе!..
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Ұқсас жаңалықтар