10 Қазан, 2013

Андрей Аршавин әзербайжан қызымен жүріп жүр

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-10-13-azerbadjanka-arshavin-1

Ресейдің белгілі футболшысы Андрей Аршавин Санкт-Петербургтегі кештерге өзінің кейінгі кездері тапқан құрбысы – әзербайжан бойжеткенін ертіп апарып, таныстарына таныстыра бастады. Бұл туралы Әзербайжанның «Deyerler» агенттігі хабарлады.

AZE.az сайты мәлім еткендей, «Советский спорт» газеті «Зенит» командасының жартылай қорғаушысы Аршавин Санкт-Петербургте өткен Федор Бондарчуктің «Сталинград» фильмінің премьерасына жаңа құрбысын ертіп келгенін атап көрсеткен.

Атап өтейік, бұл - аталмыш жұптың Андрей Ресейге қайтып оралғалы бері көпшілік алдына бірінші мәрте шығуы. Оларды жұрт алғаш рет Лондонда байқап қалған болса, кейін Майамидегі жағажайда жүргендерін көрген екен. Алайда, белгілі футболшы бұрын өзінің жүріс-тұрысы жайлы қауесеттердің бәрін жоққа шығарып келіпті.

Мұрат Айтқожа.

09-10-13-azerbadjanka-arshavin-2

09-10-13-azerbadjanka-arshavin-3