Үздіктер көшін Хабиб Нұрмагомедов бастап тұр. 31 жастағы Дағыстанның Цумадин ауданының тумасы аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді нұсқа – UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы. Күні бүгінге дейін 28 кездесу өткізген ол барлық бәсекеде басымдық танытты. 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы бір жыл ішінде Хабиб 16,5 миллион АҚШ доллары көлемінде олжаға кенелді.
Осы рейтингте үшінші орын Александр Овечкинге бұйырған екен. 34 жастағы Мәскеудің тумасы ұзақ жылдар бойы Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) жасындай жарқырап жүр. Соңғы бір жылда Александр 15,1 миллион доллар пайда тапты.