Спорт • 26 Маусым, 2020

Көш басында – Хабиб Нұрмагомедов

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Forbes порталы жасы әлі 40-қа да толмағанына қарамастан дәулеті тасыып, атағы алысқа жайылып үлгерген Ресей жұлдыздарының рейтингін жариялады, деп жазады Egemen.kz

 

Көш басында – Хабиб Нұрмагомедов

Үздіктер көшін Хабиб Нұрмагомедов бастап тұр. 31 жастағы Дағыстанның Цумадин ауданының тумасы аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді нұсқа – UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы. Күні бүгінге дейін 28 кездесу өткізген ол барлық бәсекеде басымдық танытты. 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы бір жыл ішінде Хабиб 16,5 миллион АҚШ доллары көлемінде олжаға кенелді.  

Осы рейтингте үшінші орын Александр Овечкинге бұйырған екен. 34 жастағы Мәскеудің тумасы ұзақ жылдар бойы Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) жасындай жарқырап жүр. Соңғы бір жылда Александр 15,1 миллион доллар пайда тапты.