10 Қазан, 2013

Америкалық биолог Марстағы өмірді жерге әкелмекші

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

09-10-13-mars-1

«Марсқа ұшып бару деген идеяны ұмытыңдар, бастарыңнан шығарыңдар, біз Жер бетінде тап сондағыдай басқа пішінді жан иелерін жасап береміз». Американың биологы әрі генетигі Крейг Вентер (Craig Venter) қазір тап осылай деп жарияға жар салып жатыр. Бұл туралы paranormal-news.ru сайты хабарлады.

Крейг Вентер – жасанды геном (тұқымдық материал) жасап, оны жасушаға (клетка) енгізген әлемдегі бірінші ғалым. Ол жақында ғылым зияткерлері Жер бетінде басқа текті пішіндегі жан иелерін жасап шығаратынын айтып отыр. Белгілі генетиктің сөзіне қарағанда, ғалымдар тек жасуша ғана емес, сонымен қатар 3D-принтерінің көмегімен тұтас организмді жасаудың бағдарламасын қамтамасыз ететін болады.

«Біздің бөгде текті тіршілік пішіндері геномдарының кез келген басқа жақтағы микробтармен араласқан кездегі ДНК-ларының қалай сақталатынын тексерістен өткізу мақсатында басқа планеталарға роботтарды жібере бастайтын шағымызға тым көп қалған жоқ, - деді осыған орай Винтер. – Егер осы материалды Жерге қайта оралтудың орайы келіп жатса, біз олардың геномдарын қайта қалпына келтірер едік. Сосын Марс геномының синтетикалық версиясының негізінде Жер бетінде Марстағы өмір сүрген тірлішік иелерін жасауға пайдаланатын боламыз».

Биолог сондай-ақ бұл тәсілді қарама-қарсы басқа жақтарға да пайдалануға болады деп отыр. Журналистермен әңгіме кезінде оқымысты синтетикалық жасушаның қазірдің өзінде жасалып қойылғанын жеткізді. Ол сонымен қатар жасанды жолмен дайындалған жасушаларды интеллект деңгейін көтеруге де қолдануға болатынын айтты.

Мұрат Айтқожа.