Аймақтар • 26 Маусым, 2020

Нашақорлыққа қарсы онлайн акция ұйымдастырылды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлыққа қарсы халықаралық күрес  күні  аясында  онлайн форматта акция ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz

Нашақорлыққа қарсы онлайн акция ұйымдастырылды

Акция барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ербол Тұрахметов облыста осы бағытта атқарылып жатқан шаралар легін айтып, оның нәтижелеріне тоқталды.

Онлайн шарада есірткінің алдын алуды үздік насихаттаған білім, денсаулық саласының қызметкерлері мен үкіметтік емес  ұйымдар уәкілдері аталды.

Жергілікті өнерпаздар нашақорлық дертіне шалдыққандардың өмірі жайлы қойылым дайындаса, белгілі эстрада әншісі Дана Кентай өнер көрсетіп, жастарды жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.