Сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Бейне-жазбадан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін көтерілгенін және бірнеше автокөлік жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған еді. Астанада ертең де толассыз жаңбыр жауады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтимал.