Аймақтар • 28 Маусым, 2020

Қазақстанның бірнеше аймағына дабылды ескерту жарияланды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидрометтің" дерегі бойынша еліміздің бірқатар аймағында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның бірнеше аймағына дабылды ескерту жарияланды

2020 жылдың 28 маусым сағат 21:00-ден 29 маусым 21:00-ге дейін:

Нұр-Сұлтан қаласы – найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Көкшетау қаласы – түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Қостанай облысы – кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы – кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.      

Орал қаласы – найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысы – кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласы – найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Қызылорда облысы – оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%