10 Қазан, 2013

Айгүл менен Алтынай неге келісе алмай жүр? (бейнебаян)

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
10-10-13-imanbaeva-jorabaeva-1Бүгінде еліміздің әр қиырына барып,ұдайы концерт қойып жүрген актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың екі әйелі - бұрынғысы Айгүл Иманбаева мен қазіргісі Алтынай Жорабаеваның арасынан қара мысық жүгіріп өткен сияқты. Бұл туралы NUR.KZ жазды. Басылымның жазуынша, бұл екі әнші осы кезге дейін бір-бірімен өте жақсы араласып келген. Олар тіпті жұптасып ән де салып жүрген. Енді жақын күндері Алматыдағы Республика сарайында «Үш жас бақытты болсын!» деген бас тақырыппен кеш те өткізбекші болған. Мына келісе алмаушылық осы кешке дайындық барысында туындап кеткенге ұқсайды. «Екі әнші кезекті концерттерінің алдында бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Жақын күндері Алматыдағы Республика сарайында өтетін кешке әзірге Сәбит пен Алтынайдың өздері дайындық жүргізуде. «Үш жас бақытты болсын!» деген атпен өтетін кеш алдында үш орта жасқа келген өнер жұлдыздарының арасында не болғанын «31 арна» тілшілері анықтады», - деп жазады агенттік бұл туралы. «Сәбиттің бұрынғы әйелі мен қазіргі жары, қазақ эстрадасының екі жұлдызы Айгүл мен Алтынайдың бірге жүргенін, одан қалса сахнаға ән айтып шыққанын көргенде жағасын ұстап, таң қалып еді жұрт. Бүгінде көз үйрене бастаған бұл үштіктің қарым-қатынасы жөнінде небір аңыз әңгімелер өріп жүр. Екеуі бір-бірін шын мәнісінде жек көреді екен, ел алдындағы пиар бұл деп шуласқандар да болды. Алайда, бұл сөздер шындыққа жанаса қоймаса да, бүгін қос әйелдің арасынан қара мысық өткендей. Алматыда алғаш рет өтетін Сәбит, Айгүл, Алтынайдың концертіне дайындық әзірге Айгүлсіз өтіп жатыр», - деп түйіндейді тілші. «Бірақ бұл концерт төмен деңгейде өтеді деген сөз емес. Бүгін бұртиған қос келіншек, ертең-ақ дос болып кетеді», - дегенді айтатын көрінеді енді Сәбит. «Алдағы концерт нағыз шоуға ұласып, ел алдында отбасылық құпиямызды ашамыз деп отыр олар», - деген қорытындыға келеді журналист.. Ал Алтынай «ескі екі әйелді бір жаңа әйелге ауыстырам» деп қалжыңдайтын Сәбиттің тағы да екі әйел алса қарсы емес екенін айтатын көрінеді. Мұрат Айтқожа. {youtube}2XCef3Sn-rM{/youtube}