
"Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берiк Уәли Facebook парақшасында.