10 Қазан, 2013

Атырау соты террористерге үкім шығарды

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

10-10-13-atyrauskie terroristy-1

Бүгін, 10 қазан күні Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елімізде тыйым салынған салафиттік бағыттаидеологиялық жұмыстар жүргізген аймақтың 9 тұрғынына байланысты айыптау үкімін шығарды.

Сот процесінде сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 233-1 (терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға шақыру), 233-2 (террористік топ құру, оны басқару, қызметіне қатысу), 233-3 (террористік топты қаржыландыру) баптары, 24-бабының 1-бөлігі арқылы 233-бабы 2-бөлігінің «б» тармағы (азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жарылыс жасау үшін жарылыс заттарды дайындау), 251, 252-баптарының 3-бөліктері (ұйымдасқан топ болып атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау) бойынша қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.

Атап айтқанда, топ басшылары 33 жастағы Роман Баярисов пен 30 жастағы Рамиз Ким Қылмыстық кодексі 131-бабының 5-бөлігімен, яғни қылмыстық топтың қызметіне жасы кәмелетке толмаған балаларды тарту белгілермен тағы кәнәлі деп танылып, түпкілікті мүліктері тәркіленіп, 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ким Рамиз Қылмыстық кодексі 121-бабы 3-бөлігімен (көрінеу кәмелетке толмаған адамға нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану), 24-бабы 3 бөлігі – 121-бабының 3-бөлігі көрінеу кәмелетке толмаған адамға нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдануға оқталу), 123-бабы (адамды бопсалау жолымен нәпсіқұмарлық сипаттағы еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына мәжбүр ету) баптары бойынша сотталды

Қылмыстық топта болған жастары кәмелетке толмаған Әділхан Қыдырсихов пен Тұрғанбай Ағорыновқа олардың жастығын ескеріп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Топтың қалған мүшелері де жастары 18 бен 23 аралығындағы Владимир Ким, Жанұзақ Ізім, Дастан Болатұлы, РайымбекЗияшев және Алтынбек Зейнетуллаев сот үкімімен кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, 8-9 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазалары тағайындалды.

Қазіргі кезде сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Үкімге риза емес жақтар 15 тәулік ішінде Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасына шағым бере алады.

БоранбайҒалиев,

Атырауоблыстықсотыныңбаспасөзхатшысы.