Қоғам • 29 Маусым, 2020

Үздік еріктілер "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығымен марапатталады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік еріктілер "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығымен марапатталатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Үздік еріктілер "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығымен марапатталады

"Биыл 7 қазақстандықты БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеу үшін еріктілер ретінде жіберу жоспарланып отыр. Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік еріктілер мен бастамалар "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығымен марапатталады. Әрине, 1 жыл ішінде еріктілікті дамыту үшін барлық бастамаларды аяқтау қиын, бірақ ол әрі қарай жүйелі дамудың бетбұрысты кезеңі болып табылады", - деді Аида Балаева.