Тексеру барысында Шымкент қаласының студенттері Төлеби ауданы Алғабас асуы арқылы Қазығұрт ауданына бара жатқандары анықталды. Жол бойында бассыздық жасап, тәртіп бұзғандардың жеке басын анықтау мақсатында Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Нәтижесінде, 2 “Мерседес” маркалы автокөлігімен “ВАЗ”, “Лада” маркалы көліктер анықталды.
“Мерседес” жүргізушілеріне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша екі хаттама толтырылды. Олар келесідей: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы “Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау” және 593-бабы “Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау”.
Ал, “ВАЗ” және “Лада” автокөліктеріне қатысты айыптұрағына қою бойынша жұмыстар жасалып жатыр.
Қазіргі таңда қалған жол қауіпсіздігі ережесін бұзушылыққа қатысушыларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Атап өтетін жайт жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігі ережесі мен карантиндік шараларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ТО ПД-нің қызметкерлері тұрақты күнделікті рейдттер өткізеді.