Қоғам • 29 Маусым, 2020

"Жусан" операциясы аясында Қазақстанның 163 әйел азаматы елге қайтарылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жусан" операциясы аясында Қазақстанның 163 әйел азаматы елге қайтарылды

"Жусан" операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан қайтарылған 163 әйелді қайта әлеуметтендіру бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда олардың 144-і радикалды діни көзқарастардан бас тартты, ал кейбіреулері зайырлы өмір салтына толығымен көшті", - деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, 2019 жылы әлеуметтік желілерде, электрондық БАҚ және басқа да интернет-алаңдарда діни экстремизм идеологиясын қарсы насихаттау аясында 5,3 мыңнан астам интернет-ресурстардың мазмұны талданды, оның ішінде 3,2 мыңы құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтиды. Олардың барлығы уақытылы бұғатталған.