Коронавирус • 29 Маусым, 2020

Елордадағы COVID-19 туралы ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада тәулік бойы "қызу желі" жұмыс істейді,- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы COVID-19 туралы ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады

Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты http://covid19.astana.kz/kz, парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады. Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды таба аласыз.

Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекен-жайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар.

Коронавирус бойынша "қызу желі" (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109. Жедел жәрдем – 103. Ерікті болу – +7 701 356-22-96; психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39; қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны). Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз +7 (7172) 57-88-88 – қоңырау шалыңыз – қажетті қызметтің нөмірін таңдаңыз – маманға хабарласыңыз.

29 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 3,788 КВИ жағдайы тіркелді, емделіп шыққандар саны – 2721, ал өлім жағдайы – 61.