Аймақтар • 29 Маусым, 2020

Жедел жәрдем жүргізушілері неге наразы?    

18 рет көрсетілді

Павлодар облысы орталығындағы Жедел жәрдем стансасының көлік жүргізушілері облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың өздерімен кездесуін өтініп Instagram желісіндегі @zhaloby_pavlodar парақшасына шағымдарын жарияланған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізушілер облыс әкімі мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Біржан Досмайловтан жергілікті Жедел медициналық жәрдем қызметіндегі келеңсіздіктерді ретке келтіріп берулерін, еңбекақы төлеу мәселесін шешіп беруді сұрайды.

Ал, стансаның Бас дәрігері Канадан Ахметжанов  және көлік тұрағының басшысы К.Сүлейменовтің жүргізушілермен де ортақ тіл табысып, өз қызметтерін  қызмет  талаптарына сай лайықты атқарғандары дұрыс деп санайды.

Сонымен бірге, еңбекақыларының қысқарғаны, жұмыстан себепсіз  шығару, жұмыстан кетесің деп  қорқыту сияқты мәселелер айтылған.

Сондай-ақ жедел жәрдем көлік тұрағының жағдайы  сөз етілді.

Бірақ әдеттегідей, Жедел жәрдем  қызметі бұл ақпараттың жалған екенін мәлім етті.

Әйтсе де,  себепсіз салдар  жоқ, жүргізушілер бұдан бұрын да бірнеше рет жоғарыдағы мәселелерді айтып,  көлік тұрағындағы  жағдай жайлы облыстық әкімдікке, денсаулық сақтау басқармасына, БАҚ өкілдеріне шағымданған болатын-ды.

Павлодар

Соңғы жаңалықтар

Салмағы 92 грамдық принтер

Технология • Кеше

Қашықтан оқып, тіл үйрен!

Білім • 11 Шілде, 2020

Атырауда жазғы дәмхана өртенді

Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Ұқсас жаңалықтар