Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақтағы індетпен күрес жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Қазір барлық емханар мен ауруханалар негізгі қызметін атқаруда. Өңірдегі "Жедел жәрдем" стансасы да қалыпты режимде жұмыс істеп тұр екен, - деп жазады Egemen.kz

"Бүгінге дейін облыста тұрғындар тарапынан шағымданушылар көп болғанымен, ауруханаларда орын тапшылығы сезіле қойған жоқ. Адамдардың өз денсаулығына алаңдауы орынды, сондықтан кез келген сұрақ бойынша емдеуші дәрігер мен "Жедел жәрдем" қызметіне хабарласушылардың саны артқаны анық. Мұндай жағдайдың Талдықорған қаласы бойынша көбейгені байқалды. Бірақ, дәрігерлер әр шағым бойынша жұмыс істеп жатыр. "Жедел жәрдем" қызметі аса ауыр жағдайдағы науқастарға бірінші кезекте көмек көрсетуде. Қала ауруханаларында орын саны жеткілікті. Науқастың сипатына қарай ауруханаларға бөліп орналастыру қолға алынған", деді бізге облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Алайда, облыс орталығындағы жағдай бақылауда болғанымен, 2 млн тұрғыны бар облыстағы ахуалды толыққанды оң бағалауға келмейді екен. Әсіресе, ауылдық өңір тұрғындары тарапынан медицина мекемелеріне көмек сұрап келушілер саны артыпты. Мұндай жағдай Алматы қаласы маңындағы аудандарда байқалып отыр екен. Мысалы, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарына қарасты ауылдардың тұрғындары маман дәрігерлердің тапшылығы мен "Жедел жәрдем" стансасының жұмысына көңілі толмайтыныдығын айтып, шағымдануда. Жалпы Алматы облысының жекелеген аудандарында "Жедел жәрдем" қызметінің бір бригадасы 10 000 тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр екен. Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Бұған дейін облыс әкімінің есебінде аймақта 214 маманға сұраныс бар екені мәселе ретінде көтерілген еді.
Соған қарамастан облыс дәрігерлері дертпен күресте барлық мүмкіндікті пайдалануда. Олардың қатарында Қапшағай қаласының ақ желеңді абзал жандары да бар. Дерек бойынша, қазірге дейін Қапшағай қаласында 170 адам "вирустық пневмония" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Қаладағы ауруханың терапия және балалар аурулары бөлімшелері қайта жабдықталып, провизорлық бөлімге айналып, орын саны 180 төсекке дейін көбейген. Барлық палаталарда оттегі тасымалдайтын баллондар орнатылған. Қала бойынша 7 "Жедел жәрдем" көлігі тұрақты жүріп тұр. Ал індетпен күрес пен халыққа медициналық жәрдем көрсету жұмыстары Панфилов ауданында да алгоритм бойынша жүргізілуде. Елді мекендерде тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған екен.
"Аудан бойынша 3 жедел топ құрылған. Олардың негізгі жұмысы күнделікті мониторинг жасау. Ауыр жағдайдағы науқастарды қарап, алгоритм бойынша қандай тексерулер жасау қажеттігін және емделу бағыттарын айқындайды. Ауданда 30 орындық госпиталь, 20 орындық провизорлық бөлім жұмыс істейді. Әкімшік медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп отыр. Жұысқа шыққан қызметкерлердің барлығы қонақ үйге орналастырды. Оларды тасымалдауға арнайы көлік бекітіліп, күнделікті медицина колледжінің 12 студенттері волонтерлық көмек көрсетуде. Яғни, еріктілер науқастарға үйіне тегін алатын дәрілерін жеткізіп беру, басқа да қызметтерге көмектесетін болады", дейді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.
Айтпақшы, коронавирус індеті облыс әкімі Амандық Баталовты да айналып өтпеді. ПТР тест нәтижесінде вирустық инфекция жұқтырғаны анықталған аймақ басшысы қазір Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың провизорлық бөлімінде оқшауланған. Сондай-ақ, індет жұқтырған Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев те тиісті ем-дом қабылдауда.
"Облыс әкімнің жағдайы жақсы. Провизорлық бөлімшеде ем қабылдауда. Жақында әкім аурухананың тұтас бөлімшесінде бір өзі ғана жатыр деген сыбыс тараған еді, бұл – жалған. Қазір Амандық Баталов басқа емделушілермен бірге дәрігерлер бақылауында, ол жатқан бөлімде он бір адам оқшауланған", дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Алматы облысы
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар