Әлем • 30 Маусым, 2020

Тергеу изоляторындағы Алмазбек Атамбаев пневмонияға байланысты ауруханаға ауыстырылды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 маусым күні Алмазбек Атамбаев өзін нашар сезінуіне байланысты шағымданған. Осыған сәйкес одан COVID-19-ға ПТР-анализі алынды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Тергеу изоляторындағы Алмазбек Атамбаев пневмонияға байланысты ауруханаға ауыстырылды

Ведомствоның мәліметінше, А.Атамбаевтың тест сынамасынан коронавирус жұқтырғаны анықталды. Дәрігерлер экс-президенттің екі өкпесі қабынған деп диагноз қойды. Сондықтан дәрігерлер консилиумы оны тергеу изоляторынан көшіру туралы шешім қабылдады.

Соңғы аптада А.Атамбаев бірнеше рет адвокаттар мен туған-туыстарымен кездескені туралы және оларға қағаз бен заттарды қолмен тапсырғаны анықталды.

Ресми мәліметтер бойынша, вирустық инфекцияның жекелеген белгілері адвокат З.Жоошевтен де расталды. Себебі адвокат вирус жұқтырған туыстарымен байналыста болған.

ҰҚК тергеу изоляторы штаттық режімде жұмыс істейтінін айтты. Сонымен қатар қызметкерлер арнайы медициналық тексерулерден және санитарлық-эпидемиялық жағдайды бірқалыпта ұстап келгенін баяндады.

Орын алған жайттан кейін қызметкерлер тест сынамасын тапсырады. Ешқайсысында індеттің белгілері байқалмаған. Осыдан соң ҰҚК азаматтар мен келушілерді қабылдар алдында профилактикалық шараларға жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарауға және ережелерді қатаң сақтауға міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар