Аймақтар • 01 Шілде, 2020

Үлкен өмірге жолдаманы "Заречный" түзеу мекемесінде алды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Заречный ауылындағы 155/12 мемлекеттік мекемесінде ҚР ІІМ Қостанай Академиясының бес курсанты биылғы ақпан-мамыр айлары аралығында тәжірибеден өтіп, дипломдарын алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Үлкен өмірге жолдаманы "Заречный" түзеу мекемесінде алды

Олар сотталғандар арасында топ бастығы қызметін әлеуметтік-құқықтық және тәрбие жұмысын қауіпсіздікті жоғары деңгейде сақтай жүріп атқарды.

Короновирус індетіне қарсы күресуде республика бойынша қойылған қатаң талапты курсанттар бұлжытпай орындап, ара қашықтықты сақтап өндірістік-тәжірибеден өтуде жақсы нәтижеге жетіп, мемлекеттік емтиханды жоғары жетістікпен тапсырды.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының шешімімен түлектер кваликациямен және "құқық қорғау әрекетінің бакалаврі" академиялық санатымен дәрежеленіп, ҚР ІІМ бұйрығымен бірінші арнаулы шен "әділет лейтенанты" берілді

155/12 мемлекеттік мекемесінің басшылығы санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, ҚР ІІМ Қостанай Академиясыныңтүлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімін өткізді.

1

Салтанатты жиынға республикалық "Генералдар Кеңесі" одағының, Ардагерлер және Ауған соғысы мүгедектері одағы Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен бүгінгі түлектердің ата-аналары шақырылып, қатысты.

"Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының түлектері аталған оқу орнында білім нәрімен сусындап, патриоттық рухты бойларына сіңіріп лезде өте шыққан төрт жылдан кейін дипломдарын академия қабырғасында алмаса да Жетісу жерінде Қылмыстық атқару жүйесінің бірінші шені "Әділет лейтенанты" шенін иықтарына тағып, бойларына ерекше бір алапат күш ұялатып шықты", деді Алматы облыстық  ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Қанат Ашов.

 

Алматы облысы