
"Құрметті жерлестер!
⠀
Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды.
⠀
Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады.
⠀
Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын.
⠀
Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деп жазды қала әкімі.