Қазақстан • 01 Шілде, 2020

Шетелден келе алмай қалған "болашақтықтарға" 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 28 наурызда "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.

Шетелден келе алмай қалған "болашақтықтарға" 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

Осылайша мемлекет СOVID-19 пандемиясы кезінде бағдарлама стипендиаттарына жан-жақты қолдау көрсетті.

Атап айтқанда, оқуды аяқтай отырып, шекараның жабылуы және әуе қатынасының тоқтатылуна байланысты оқу елдерінде амалсыздан қалған 84 стипендиатқа 66,4 млн теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Олардың 45 адамы қазіргі таңда Қазақстанға оралды, ал қалған 39 адам жақын арада қайтуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, СOVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға келген 147 стипендиат елімізде қашықтан білім алуда. Оларға 192,8 млн.теңге мөлшерінде шәкіртақы төленіп, 20,5 млн теңге мөлшерінде оқу елінен Қазақстанға дейінгі әуе билеттері алынды.

Қазіргі таңда "Болашақ" бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.