Әлем • 01 Шілде, 2020

Наурыз айынан бері 186 журналист коронавирустан көз жұмған

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы төрт айда коронавирустың кесірінен 35 елден кемінде 186 журналист көз жұмды. Бұл мәліметтерді сәрсенбіде Женевада Press Emblem Campaign (PEC) үкіметтік емес ұйым жариялады, - деп хабарлайды Хабар 24.

Наурыз айынан бері 186 журналист коронавирустан көз жұмған

"2020 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында кемінде 186 журналист COVID-19 ауруынан қайтыс болды" - деп хабарлады PEC.

Ал маусым айында 59 тілші бақилық болған. Сонымен қатар ұйым нақты жалпы көрсеткіш одан да жоғары екенін мәлімдеді. Өйткені барлық ел эпидемияның барысы туралы толық ақпарат бере алмайды және қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирустық инфекцияға тексерілмеген.

Ұйымның мәліметінше әлемде баспасөз өкілдері арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орын Латын Америкасына тиесілі. Алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген 93 журналист COVID-19-дан көз жұмған.