Стартаптардың арасында:
- Multis (Қазақстан) - ең жақсы несиелік ұсынысты іздеу.
- ARNI.io (Ресей) - сөйлесетін жасанды интеллект, адам ретінде сөйлесетін ақылды іздеу жүйесі.
- Boollo.Safe (Гонконг) - сақтандыру компаниялары арасында ең жақсы ұсынысты таңдауға мүмкіндік беретін сақтандыру платформасы.
- Upswot (Украина) - банктерге шағын және орта бизнестің бизнес жүйелеріне API қолдауымен кіруге көмектеседі.
- eCredit (Ресей) - автокөлік өндірушілері мен дилерлері үшін несиелік және сақтандыру өнімдерін сатуды басқаруға арналған платформа және т.б.
Стартаптар үшін банктермен, сақтандыру компанияларымен, мобильді операторлармен және Орталық Азиядағы бөлшек сауда орындарымен кездесулер ұйымдастырылады.
"Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мен Fintechstars Innovation Day барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына тамаша ұйымдастырғаны және қызықты оқиғалары үшін алғыс айтамын. Mastercard бірнеше жыл бойы АХҚО-мен қолма-қол ақшасыз экономика мен төлем технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жасауда жұмыс істеп келеді және біз Финтех Хаб қызметінің үлкен пайдасын көреміз, оны дамыту үшін өте үлкен қызмет саласы бар, онын көмегімен қаржылық және басқа шешімдер мен технологияларды жүзеге асыруға болады. Біз барлығына одан әрі табыс тілейміз", - деді Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркменстандағы және Өзбекстандағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.
"Қазақстан және жалпы Орталық Азия қаржылық инновацияларды енгізу үшін үлкен әлеуетке ие. Іс-шараға дайындық кезінде біз 15 елдің 65 стартап-компанияларынан өтінім қабылдадық, бұл өз кезегінде аймақтың тартымдылығын көрсетеді. Финтех стартаптардың шешулерің банктерде, сақтандыру, телекоммуникация компанияларында және бөлшек саудада жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Сондықтан біздің мақсаттарымыздың бірі – бұл әлемнің көптеген озық стартаптарын тарту", - деді АХҚО Финтех Хабының стартаптарды қолдау бағдарламаларының жетекшісі Тарас Волобуев.
Осындай сипаттағы оқиғалар аймақтағы финтех-сектордың дамуына серпін береді. АХҚО Финтех хабында 120-дан астам Fintech стартаптардың тәжірибеден өтуге, корпорациялармен байланыс орнатуға, түрлі іс-шараларға қатысуғ мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, АХҚО ағылшын құқығына негізделген көп функциялы құқықтық платформаны, қолайлы салық режимін және Орталықтың резидент компаниялардың операциялық қызметін ынталандырады.