Қазақстан • 02 Шілде, 2020

70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық ресурстардың жетіспеушілігі туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп жазады Egemen.kz

70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен

"Қазір мына әртүрлі әлеуметтік желілерде нешетүрлі емдеу жолдарын көріп алып, осыған байланысты дәр-дәрмек сұрап жатқан азаматтар аз емес. Бірақ та емдеу жолдарын ауру нақты анықталғаннан кейін емделу жолын тек қана дәрігер анықтауы мүмкін", деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, 70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен жағдай да болды. Сондықтан құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді.

"Сондықтан бүкіл азаматтардан сұрайтынымыз, кейбір азаматтар бұндайды сауда-саттыққа айналдырғысы келетіндер де жоқ емес. Осындай жағдай белгілі болғанда, бізге тез арада ақпарат беруді өтінеміз", деді Е. Тоғжанов.