Қазақстан • 03 Шілде, 2020

Жаназаға 30 кісіден артық жиналмау керек - ҚМДБ

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаназа намазына қатысты талаптар туралы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Ершат Оңғаров айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жаназаға 30 кісіден артық жиналмау керек - ҚМДБ

Жаназа намазына қатысты талаптар:

  • Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысу;
  • Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысу;
  • Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау;
  • Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспау;
  • Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтау;
  • Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу;
  • Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау;
  • Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспау;
  • Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
  • Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер мен әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;
  • Қонақ асын өткізбеу;
  • Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелу.