Қазақстан • 03 Шілде, 2020

Түркияның "Хасеки" институтына қабылдау емтиханы басталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасындағы келісімге орай, 2020-2021 оқу жылына "Хасеки" институтына қабылдау емтиханы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркияның "Хасеки" институтына қабылдау емтиханы басталды

Биыл елімізден Түркияның "Хасеки" институтына 88 талапкер құжат тапсырған. Институтқа қабылдау емтиханы кеше басталды. Емтихан санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде, қабылдау емтиханы әлі 3 күнге созылады.

Емтиханды Түркияның Оқу-ағарту департаментінің басшысы Жошкун Дурсун Али, Түркияның Еуразия елдері департаментінің басшысы Гөр Салих, Қайсери Діни жоғары білікті мамандарды жетілдіру "Хасеки" иститутының оқытушысы Кескин Айдын және Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Акын Галип қабылдауда.