Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Алматы: АӘК алу үшін құзырлы орындарға қайта жүгінудің қажеті жоқ

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының шындықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатындағы тапсырмасын орындау үшін 2020 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа тетігі енгізілгені белгілі. Жалпы АӘК көрсетудің жаңа тетігі АӘК тағайындау үшін тоқсан сайын құжаттарды қайта тапсыруды қарастырады.

Алматы: АӘК алу үшін құзырлы орындарға қайта жүгінудің қажеті жоқ

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдайдың егізілуіне байланысты, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей қатынасты болдырмау мақсатында Министр бұйрығымен (2020 жылдың 25 наурызындағы № 109) 4 222 отбасыға (20 974 адам) АӘК тағайындау мерзімі автоматты (өтінішсіз) түрде ұзартылды.

Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат Басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мәлімдеді.

- Бүгінгі күнгі пандемиялық жағдайды ескере отырып, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей қатынасты болдырмау үшін Министрлікпен (Министрдің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы) АӘК алушылары (03.06.2020 жыл жағдайы бойынша) жүгінуісіз  биылғы 2 тоқсандағы табыс негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде өтініш қалыптастыруды қарастыратын бұйрық жобасы дайындалуда.

Осыған орай, азаматтардың қауіпсіздігі үшін, сонымен қатар тікелей қатынасты болдырмау үшін  биылғы 30 маусымы жағдайында АӘК алушылары болып табылатын азаматтарға 2020 жылдың 3 тоқсанына құжаттарды қайта тапсыру үшін аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдеріне жүгінбеулерін сұраймыз. Аталған азаматтардың өтініштері ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

Сонымен бірге, АӘК-ге өтініш ұсынбаған азаматтар карантин режимі кезеңінде АӘК тағайындау үшін "Электрондық үкімет" порталының (e.gov.kz) "Электрондық өтініш" парақшасы арқылы жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсына отырып өтініш бере алады, - деді Данияр Әлкебайұлы.