Саясат • 03 Шілде, 2020

Қазақстан Норвегияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министр Мұхтар Тілеуберді Норвегия Сыртқы істер министрі Ине Мари Эриксен Сорейдемен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Норвегияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтады

Министр Норвегияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2021-2022 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты БҰҰ басты органындағы Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.

2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Ауғанстандағы қақтығысты реттеу мәселесіне ерекше назар аудара отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің бірлескен мүдделерін қорғады. М.Тілеуберді сұхбаттасын Алматыда БҰҰ орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік Орталығын құру туралы еліміздің бастамасымен таныстырды.

И.Сорейде сұхбаттасына Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Норвегияның кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдірді. Қазақстанның Кеңесте сәтті тәжірибесін атап өтіп, ол БҰҰ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өзара тиімді екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін тағы да растады.

Сұхбат Норвегия тарапының бастамасы бойынша өтті.