Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Жамбыл облысында коронавирус кеселі күшейіп тұр

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны едәуір артып отыр. Облыста 12 симптомдық, 33 симптомдық, барлығы 45 жағдай тіркелген. Барлық симптомдық вирус тасымалдаушылар өз өтініштерімен сынақтан өткен. Олар дәрігерлерге жоғары температураға, жөтел, тамақ ауруы мен әлсіздікке қатысты шағымдармен жүгінген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында коронавирус кеселі күшейіп тұр

Қауіпті індет Тараз қаласындағы 52 жастағы әйел мен 61 жастағы ер адамнан анықталса, Қордай ауданында 30 бен 71 жас аралығындағы тұрғындар арасында 6 оқиға тіркелген. Сондай-ақ, Сарысу, Байзақ, Талас және Меркі аудандарында бір-бір жағдайдан тіркеліп отыр. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, симптомдық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілген.

Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланып, ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілген. Сонымен қатар, Тараз қаласында 24 пен 63 жас аралығындағы тұрғындар арасында 11 симптомсыз оқиға тіркелген. Оның ішінде науқаспен байланыста болған 1 тұрғын бар. Ал, Қордай ауданында 14 пен 67 жас аралығындағы тұрғындар арасынан 8 жаңа оқиға расталған. Сондай-ақ, 3 оқиға Байзақ ауданында, 4 оқиға Жуалы ауданында, 4 оқиға Шу ауданында, 1 жағдай Меркі ауданында және 2 жағдай Мойынқұм ауданында анықталған. Олардың барлығы үй карантиніне алынған.

Қазір Жамбыл облысының аумағында коронавирусты инфекцияның 1468 жағдайы расталған болса, індет жұқтырған 511 адам сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылған.

 

Жамбыл облысы