Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Халық артисі тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғам қайраткері Қуат Есімхановтың ұйымдастыруымен Нәби Айтжанов бастаған 4-5 жас кəіпкердің қаржылай қолдауы арқылы тұлғаны мәңгі есте қалдыру шарасы жүзеге асты, - деп жазады Egemen.kz

Халық артисі тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

Осылайша, Қазақстанның еңбек Ері, Кеңес Одағының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Еркеғали Рахмадиев тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Ескерткіш тақтаны орнату мәселесіне қатысты Қазақстанның "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына сүйенген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арнайы Қаулысы да бар.

Елорданың "Сарыарқа" ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылы 36а мекен-жайында орналасқан бұл көпқабатты үйде композитор 2003-2013 жылдары ғұмыр кешкен болатын. Ескерткіш тақтаның авторы мүсінші – Асхат Кәкімжанов.

Соңғы жаңалықтар