Қазақстан • 05 Шілде, 2020

Дәрі-дәрмекті пайда көзіне айналдырғандар жазаланады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрі-дәрмектерді пайда көзіне айналдырғандар туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Дәрі-дәрмекті пайда көзіне айналдырғандар жазаланады

"Бүгін ғана Шымкент қаласында осындай пиғылмен жұмыс жасаған бір азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты іс-шаралар бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілетін бүкіл азаматтардың бәріне, әсіресе осы дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарды ескертіп айтқым келеді. Бұл тікелей Президенттің қарауындағы сұрақ. Сондықтан осы жағдайды ескеріңіздер. "Кемедегінің жаны бір ғой", сондықтан бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз дұрыс болар", деді Ералы Тоғжанов.